Перейти к содержимому

ОРТАҚ ТАҢДАУ, ОРТАҚ БОЛАШАҚ!

31 қаралым

Алатау қаласындағы күрд, түрік және әзербайжан этностарының өкілдері Жетіген ықшамауданындағы №4 орта мектеп ғимаратында орналасқан №379 сайлау учаскесіне арнайы барды.

Ұлттық аспаптардың әуенімен мерекелік көңіл күй сыйлаған қонақтар Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау үдерісіне қолдау білдіріп, азаматтық борышын өтеуге келген тұрғындарға құрмет көрсетті.

Бұл жарқын жүздесу этносаралық достықтың, өзара сыйластық пен қоғамдық келісімнің айқын көрінісіне айналды. Түрлі этнос өкілдерін ортақ Отанымыз, ел болашағына деген жауапкершілік және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосу мұраты біріктіреді.

Сайлау — тек дауыс беру ғана емес, бұл азаматтық кемелдіктің, ел бірлігі мен мемлекет тағдырына бейжай қарамаудың белгісі.

Біздің байлығымыз — әралуандығымызда, күшіміз — бірлігімізде! — дейді Алатау қаласы этнос өкілдері.