Перейти к содержимому

Сенбілікке – серпінмен!

27 қаралым

Кеген ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.

Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, аудан тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы сөз сөйлеп, қоршаған ортаның тазалығы өңірдің келбеті мен тұрғындардың мәдениетінің айқын көрсеткіші екенін атап өтті. Мұндай игі бастамалардың аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасып, әрбір тұрғынның туған жерге жанашырлықпен қарауы маңызды екенін жеткізді.

Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысына арналған ескерткішімен Тыл ардагерлеріне арналған ескерткіш маңы, әкімдік ғимараты және аудандық мәслихат ғимаратының айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша өткен сенбілікке 1250-ден астам тұрғын қатысып, 48 тонна қоқыс шығарылып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршамыздың ортақ парызымыз.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы