Перейти к содержимому

Сенімге кірген алаяқ

17 қаралым

Алаяқтықтың ең қауіпті тұсы – қылмыскердің адамды күшпен емес, сенім арқылы алдауы. Телефонның ар жағындағы адам өзін таныс мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, түрлі сылтау айтуы мүмкін. Кейде олар мәселені шұғыл шешуді талап етіп, азаматты асықтырады. Мұндай жағдайда эмоцияға берілмей, ақпаратты қайта тексеру қажет. Банк картасының деректерін немесе бір реттік кодтарды айтуға болмайды. Бейтаныс адамдардың инвестициялық ұсыныстарына да сақтықпен қараған жөн. Қысқа уақытта үлкен табыс табуға уәде беру қаржы пирамидасының белгілерінің бірі болуы мүмкін. Ақша салмас бұрын ұсыныстың заңдылығын және ұйым туралы ақпаратты зерттеу қажет. Күмәнді жағдай туындаса, ресми байланыс арналары арқылы кеңес алған дұрыс. Алаяқтықтан қорғанудың ең жақсы тәсілі – асықпай шешім қабылдау.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ