Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген. Ол мәдениет пен руханияттың маңызын айшықтайды, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға, ұлттық код пен мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады.
Бұл құжат – Қазақстанды әділетті, мәдениеті жоғары, білімге негізделген және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін өркениетті мемлекет ретінде дамытуға бағытталған маңызды қадам. Тарихи мәдени мұра – елдің рухани тірегі. Ол тек – өткеннің естелігі емес, бүгінгі қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейліктің негізі.
«Азаматтар тарихи және мәдени мұрамызды, ұлттық біртұтастығымызды сақтауға, ескерткіштерімізді ұқыпты ұстауға міндетті. Қазақстанның ұлттық бірыңғайлығын және біртұтастығымызды сақтай отырып, еліміздің тарихи ескерткіштерін жаңғыртып және оларды қорғауға біз толықтай міндеттіміз. Конституцияның 40-бабында бекітілген ғылым, білім мәселелері бар. Олардың барлығы болашақта өзінің іргетасын іс жүзінде жүргізеді деген ойдамын», – дейді Үмбетәлі Кәрібаев атындағы әдеби-мемориалдық музейнің директоры Аида Ысқакова.
Ерзат АСЫЛ

