Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жасанды интеллект дәуіріндегі сайлау: Қонаевта робот сайлаушыларды қарсы алуда

Жасанды интеллект дәуіріндегі сайлау: Қонаевта робот сайлаушыларды қарсы алуда

42 қаралым

Қонаевта Құрылтай депутаттарының сайлауы заманауи технологиялармен үндесіп, ерекше форматта өтіп жатыр. №949 сайлау учаскесіне келген тұрғындарды бүгін робот қарсы алып, үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сайлау тәртібі туралы ақпарат беруде.
Робот сайлаушыларды «Құрметті сайлаушы! Сайлау учаскесіне қош келдіңіз!» деген сөздермен қарсы алып, дауыс беру уақыты мен рәсіміне қатысты негізгі ақпаратты жеткізеді. Сондай-ақ азаматтарға сайлауға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, белсенділік танытуға үндейді.
Бұл – Қонаевта сайлау үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің көрінісі. Әсіресе Қазақстанда 2026 жылдың «Жасанды интеллект жылы» деп жариялануы аясында роботтың сайлау учаскесінде ақпараттық қызмет атқаруы ерекше мәнге ие.
Үш тілде сөйлейтін робот учаскеге келген тұрғындардың назарын аударып, сайлау рәсімін заманауи әрі есте қаларлық форматта таныстыруда. Балалар мен жастар да ерекше технологияға қызығушылық танытып, роботпен суретке түсіп, оның жұмысын тамашалады.