Перейти к содержимому

Мал-мүлікке сақтық керек

4 қаралым

Үйдің немесе ауладағы мүліктің қауіпсіздігіне күнделікті көңіл бөлу ұрлықтың алдын алуға көмектеседі. Көп жағдайда адамдар есік-терезені құлыптауды ұмытып немесе бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдырып жатады. Мұндай ұқыпсыздық бөтен адамның қылмыс жасауына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін. Үйден бірнеше күнге кететін болсаңыз, көршілеріңізге ескертіп, баспананың қараусыз қалғанын білдірмеген дұрыс. Көлікте бағалы заттарды қалдыру да қауіпті. Ауладағы велосипед, құрал-сайман және басқа да дүниелерді бекітіп қойған жөн. Ауылдық жерде малдың жайылымнан уақытында қайтуын бақылау да мүлікті қорғаудың бір жолы. Күмәнді адамды немесе күдікті көлікті байқасаңыз, жағдайды өз бетіңізше шешуге асықпаңыз. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлаған дұрыс. Қарапайым сақтық кейде үлкен шығынның алдын алады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ