Кеген ауданы Тұйық ауылында тұрғындар біркісідей жұмылып, Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш маңы мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді.
– «Таза бейсенбі» акциясы арқылы біз тек ауылымызды емес, ойымызды да тазартып, ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, елдің экологиялық санасын қалыптастыруға жол ашады. Баршаңызды табиғатты аялауға шақырамын,– деді Тұйық ауылдық округінің әкімі Бақытжан Малибеков.
Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет. Тазалық – мәдениеттің белгісі.
Әрқайсысымыз өз ауламыздан бастап, туған өлкеміздің таза әрі көрікті болуына үлес қосайық!
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы