Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Райымбек ауданында жастардың қатысуымен экологиялық акция өтті

Райымбек ауданында жастардың қатысуымен экологиялық акция өтті

213 қаралым

2026 жылғы 6 қазанда Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл аула» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға жастар, студенттер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындарынан құралған 100-ге жуық адам қатысты.

Акция барысында қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шөп шабу және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жастардың белсенді қатысуы туған өлкенің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Сонымен қатар жастар арасында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және әр адамның өз ауласын таза ұстауының маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға тазалық пен тәртіптің әр адамның өзінен басталатыны айтылды.

Аталған акция жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шара барысында жас ұрпаққа туған жердің тазалығы мен көркейуі әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екені түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілді.

Райымбек ауданы

↑