⛅
9°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында мыңдаған адам қаржылық сауатын арттырды

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Партия
    Алматы облысында мыңдаған адам қаржылық сауатын арттырды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында өткен брифингте айтылды. Өңір тұрғындарын қаржылық сауаттылыққа үйрететін, табысты орынды жұмсауға жол көрсететін «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында тегін оқыту курстары жалғасын табуда.

    Аманаттықтар бағдарлама аясында облыста 7 мыңға тарта тұрғынға қаражатты тиімді жұмсауды үйретті. Олардың жартысына жуығы білікті қаржы және заң мамандарының көмегін алды.

    «7 айда 6 887 азамат қаржылық сауаттылықты арттыратын курстарды тегін оқып, сертификаттарын алды. Оның 80%-ы – әйелдер. Кәсібін бастағысы келетіндерге, табыс табудың түрлі жолдарын көрсететін пайдалы мәліметтермен бөлістік. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды үйретті. Шоттың бұғатталуынан бастап, берешекті қайта құрылымдау, коллекторлармен жұмыс секілді 20 бағытта ақыл-кеңес берілді. Жыл соңына дейін өңірде 12 мың адамға білім беру жоспарланып отыр. Курсқа қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін кез келген азамат қатыса алады», – дейді «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірдегі жетекшісі, ментор Айгүл Жайлыбаева.

    Сондай-ақ қаржы сарапшысы Мейірман Сауранбеков бағдарлама аясында білімін жетілдірген адамдардың шынайы оқиғасы мен оларға көрсетілген көмек туралы баяндады.

    Мәселен, Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғыны бірнеше жыл бұрын бес несие алып, қаржылық қиындықтарға тап болған. Қарызын өтей алмағандықтан, барлық есепшоттарына бұғат қойылып, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігінен айырылды. Заңгерлердің қолдауымен төрт несие бойынша карточкалық шоттары бұғаттан шешіліп, ыңғайлы төлем кестелері жасалды.

    «Сонымен қатар 69 азаматқа «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие мен грант алу үшін қажетті құжаттарды жинауға және бағдарламаға қатысуға көмек көрсетілді. Алаяқтарға тап болған 11 тұрғынға кеңес берілді. Мемлекеттен жеңілдетілген несие мен грант алу үшін 43 адамға бизнес-жоспарларды әзірлеуге көмектестік», – деп атап өтті Мейірман Сауранбеков.

    Айта кету керек, қазіргі таңда «Қарызсыз қоғам» аясында өңірдегі 9 ауданның тұрғындары арнайы оқу бағдарламасынан өтіп жатыр. Бағдарлама жыл соңына дейін жалғасады. Оған қатысу үшін партияның аудандық филиалдарына хабарласу қажет.

    Алматы облыстық AMANAT

    партиясының баспасөз қызметі

     

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
    16.03.2026
    ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ
    16.03.2026
    Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
    16.03.2026
    Exit poll: Дауыс бергендердің 86,7 пайызы жаңа Конституцияны қолдады
    16.03.2026
    Алматы облысында референдум қалай өтті?
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>