-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Орманшылар құрметке кенелді

    18.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Экология
    Орманшылар құрметке кенелді
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

            Мемлекетіміздің басты байлығының бірі – табиғат. Ал оны аялап, ардақтау – адамзаттың ортақ парызы. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бабаларымыз айтқандай, келер ұрпақтың ырыс-құтты, бақ-берекелі болуы қоршаған ортаға деген құрметтен басталады. Осы орайда табиғи қорларды көздің қарашығындай сақтап, ну орманның көркемдігін арттырған орман қорғаушылардың еңбегі еселі. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Дәстүрлі мереке биыл да өз жалғасын тауып, Қонаев қалалық Мәдениет үйінде табиғат қорғаушылары құрметтелді.

    Өңіріміз бойынша орман шаруашылығында 700-ден астам білікті де жауапты мамандар аса маңызды жұмысты адал атқарып келеді. Күз бен қыстың бұрқыраған бораны мен қақаған аязына, жаздың аптап ыстығына қарамай табиғаттың сұлулығын сақтап еңбек етіп жүрген жандарға деген құрмет зор. Мерекелік шарада алғашқы құттықтау сөзді алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, орман алқаптары ең үлкен ұлттық қазынамыз екенін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде:

    – Орман – еліміздің рухани әлеуеті мен денсаулықтың қайнар көзі. Облыстағы орман қорының жалпы ауданы 2, 2 млн гектарды құрайды. Ормандарды қорғау, күзету және нығайту саласында қызмет атқаратын 7 орманшаруашылық-коммуналдық мекеме бар. Осы салада жұмыс атқаратын қызметкерлердің саны өткен жылы 165 адамға көбейіп, қазіргі уақытта 722 адамға жетті. Сонымен қатар 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап орман қорғаушылардың және осы жылдың 1-шілдесінен бастап орман өрт сөндіру стансасы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға көтерілді, – деп жағымды жаңалықты жіпке тізіп, өңіріміздің орман қорын нығайтуға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты.

    Сондай-ақ Нұрлан Ерғалиұлы орманды қорғау мен күзетуде облыс әкімдігінің ықпалымен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығая түскенін айтты. Осы салада жылдар бойы тынбай еңбек еткен бірқатар мамандарға сый-сияпат көрсетіп, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Әкімдік тарапынан орман шаруашылығы саласындағы зейнеткерлер де марапатталып, тау мен таста табиғат қорғаудан тынбаған ардагерлер де құрметтелді. Сонымен қатар Нұрлан Ерғалиұлы орман шаруашылығындағы жоғары жетістіктері мен ерен еңбегі үшін «Кеген орманшаруашылығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесіне су жаңа автокөліктің кілтін табыс етсе, Бақанас орманшаруашылығы ұжымына мотоциклды сыйға берді.

    Салтанатты жиында келесі сөз кезегін алған облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Жұманов орманшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, табиғат қорғаушыларына ізгі тілегін арнады.

    – Сіздердің жұмыстарыңыз күш-жігерді, тиянақтылық пен жанқиярлықты талап етеді. Орман шаруашылығын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деп орманшылардың ерен еңбегін айтып, олардың білімі мен тәжірибесі өскелең ұрпаққа үлгі екенін сөз етті. Шарада бірқатар сала мамандары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақстан қорын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты кеш Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концертіне  ұласып, әуелеген ән мен мың бұралған би  табиғат жанашырларының мерекелік көңілін асқақтата түсті.

    Құралбек СӘБИТОВ,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Ғалам жауһары

    Ғалам жауһары

    3 months ago
    Ерлік үні

    Ерлік үні

    1 month ago
    ТƏУЕЛСІЗ ЖАСТАР АЛАҢЫ

    ТƏУЕЛСІЗ ЖАСТАР АЛАҢЫ

    8 months ago
    Мереке мерейі

    Мереке мерейі

    3 months ago
    Алматы облысында полицей өзіне қол салды

    Алматы облысында полицей өзіне қол салды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>