-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұсылмандық діни бірегейлік

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Руханият
    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Фото: kazislam.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Соңғы уақыттарда әлеуметтік желіде пікір жаза бермейтін болдық. Мұның себебі, желідегі өнбейтін дау! Қазақта «Өспейтін жігіт, өнбейтін дау қуады» дегендей ісімізден сөзіміз көп болып кетті. Алайда бұл қоғамдағы кейбір мәселелерге қатысты пікіріміз жоқ дегенді білдірмейді. Дер кезінде пікір білдірмесем де қайта-қайта ойыма оралған бір мәселе мешіттегі жігіттердің түсініспей қалуы, бір-біріне қол жұмсауы болды. Былай қарағанда жеке төзімсіздік сияқты көрінгенімен астарында үлкен мән бар. Алдымен, бұл «құндылықтар қайшылығы». Кейбір салафилікке жақын көзқарасты өзіне құндылық ретінде ұстанғандар «Соқыр көргенінен жазбайдының» кебін киіп, алған бетінен қайтпайды. Олар үшін рухани бірегейлік, мұсылманшылық ізгілік, ауызбіршілік, елдік мүддеден гөрі бір рет айғайлап айтқан «әмин!» қымбат. Сол арқылы барлық дәстүрлі дінге, үлттық салт-дәстүрге, елдік мүддегеге қарсылығын білдіріп тұрғандай. Тіпті мешітте сырттай «ханафи» болып намаз оқып жүрген бұрынғы салафиттардың үйде намазды қалай оқитындығын ешкім саралап жатқан жоқ.

    Екіншіден, мешіт жамағатының діни сенім тұтастығы жоғалып барады. Кім не десе де енді жалпы қазақтың басын былай қойғанда, мұсылман қазақтың басы бір қазанға сыймайды. Себебі, ағымдар орнығып, таралып үлгерді. Енді тек таралу (ақырын немесе жылдам) үрдісі жүре береді. Ал жамағаттар таралған сайын намазда текетірес, имамдықта талас, дінде дау толастамайды. Түбі кім жеңері белгісіз, бірақ бөлінушіліктен құтыла алмайтын секілдіміз. Бұған басты себеп – дүмшелік, руханияттың, діни білімнің жайына қалуы. Пайғамбардың «Ризықтың оннан тоғызы кәсіпте» деген хадисін басшылыққа алған «уахаби-салафиттар» сауда-саттықтың айналасына шоғырланған. Бір-бірін қолдап, байлап, бақылап өсіп-өніп келеді. Олардың теріс ағым болуында ешкімнің шаруасы жоқ, сауда жасап кәсіптерін дөңгелетуге бәріміз ат салысып жатырмыз. Кімге өкпелейміз?!

    Үшіншіден, зайырлылық пен діни әралуандық құндылық саналған елімізде “сен тимесең мен тимен, бадырақ көз” деген ұстаным басым. Діни бірегей идеология, талап, ағымдардың жақтастарын жұмсақ немесе қатал тәртіппен жолға салу тетіктерін толық қалыптастыра алмадық. «Былай тартсақ өгіз өледі, былай тартсақ арба сынадының» кебінен көз алдымызда дінді жаманатты еткен, елдігіңді мансұқтап, ата-бабаңды адасқан қылған топтардың алдында ел болып қауқарсыздық танытып отырмыз. Бұған төзімі жетпегендер тәңіршілдіктің сойылын соғып кетті. Ендігі жерде діни бірегейлікті былай қойғанда ұлттық бірегейлікке сызат түсіре бастағандай. Көпшіліктің пікірін, сенімін, амбицияларын өз еріктеріне қалдыру кейде үлкен зиянға жетелеуі мүмкін. Сала мамандары барын салып жағдайды реттеуге, адасқандарды жолға салуға тырысып жүр. Амал нешік, кейде заңымыз біздің емес, солардың ыңғайына жұмыс істеп кетеді. Мемлекетті кәпір, заңды ширк дейтіндерге барып сөйлесе қалайын десең «Қандай құқың бар?» деп телефонын ала жүгіргенде қауқарсыз болып қаласың! Бірігіп ел болайық, ауызбіршілікті мұсылман болайық, бір имамның артында тұрып, бірдей құлшылық қылайық деген жанашырлықты өзің сезінгенің болмаса сезіндіре алмайсың! Әр саланың «бір кем дүниесі» бар…

    Кеншілік Тышханұлы,

    дінтанушы, ф.ғ.к., доцент

    Ескертпе: Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді.

    Ұсынымдар

    Кооператив құру – заман талабы

    Кооператив құру – заман талабы

    1 year ago
    Қонаев көркейіп келеді

    Қонаев көркейіп келеді

    3 months ago
    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    2 years ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    “Таза өлке”: Қонаевта тұрғын үйлердің аулалары тазаланды

    1 year ago
    Зейнеткерлерді зеріктірмейтін орталық ашылды

    Зейнеткерлерді зеріктірмейтін орталық ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>