⛅
-14°C
Қонаев
Жексенбі, Қаңтар 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Экологиялық тәрбие мектептен басталады

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Экологиялық тәрбие  мектептен басталады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, былтыр Үкіметтің №910 қаулысымен «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын. Бұл – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға және табиғат ресурстарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді шара.

    Экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын басымдықтың бірі – жастарды экологиялық жобаларға тарту. Осы орайда аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру бағытында Балқаш ауданы Үлгілі орта мектебінде біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмыстар атқарылуда.
    Білім ордасында ұйымдастырылған экологиялық тәрбиені насихаттайтын шара «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. «Жасыл Life» мүшелері, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері қатысқан танымдық шара сырлы сұхбатқа толы болды.
    «Жасыл Life» мүшелері жабайы жиде тұқымын арнайы ыдыстарға егу арқылы туған жерге деген махаббатты, қамқорлықты сезіне түсті. Енді сол тұқымдарды «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының жылыжайына орналастырып, өсіп-өнуін басты назарда ұстамақ. Ерте көктемде бой көтерген жас өскіндерді резерват ауласына, кейіннен арнайы алқапқа отырғызу жоспарлануда. Мектеп оқушыларының осындай тапсырманы аса жауапкершілікпен орындауы – елге деген сүйіспеншілік сезімдерінің нәтижесі.
    «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетіне бағытталған іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы – табиғатты қорғауға қосқан әр перзенттің зор үлесі. Мұндай шаралардың өскелең ұрпақтың экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және жаңа бастамаларды жандандыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

    Шолпан ҚОШАХАНОВА,
    Балқаш аудандық білім бөлімі
    басшысының міндетін атқарушы

    Ұсынымдар

    Күрішімен, ырысымен әйгілі

    Күрішімен, ырысымен әйгілі

    2 months ago
    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    1 year ago
    Алматы облысында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына арналған брифинг өтті

    Алматы облысында сауда саласын реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау нәтижелері

    1 month ago
    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    2 years ago
    Ауыл медицинасында маман тапшы

    Ауыл медицинасында маман тапшы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>