-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта тігінші, дизайнерлердің “Ұлттық киім – ұлт айнасы” жарысы өтті

    29.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы
    Қонаевта тігінші, дизайнерлердің “Ұлттық киім – ұлт айнасы” жарысы өтті
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Бүгін Қонаев қаласында “Ұлттық киім – ұлт айнасы” атты дизайнер, тігіншілердің жарысы өтті. Бұл шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне Алматы облыстық Қоғамдық даму орталығы бастамашы болды.

    «Біздің мақсат – қазақтың ұлттық киімдерінің дәріптелуіне үлес қосу. Тек мерекелерде ғана емес, күнделікті қолданысқа әдемі нақыштағы киім үлгілерін енгізуді барлығымыз мақсат етуіміз қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер классикалық үлгідегі киімдерді киеді. Сол костюм, белдемшелерге кішігірім өзгеріс енгізіп, ою-өрнектерді неге қолданбасқа? Бүгінгі шарада біздің сол идеямыз насихатталды», – деді орталық басшысы Ерасыл Толымбекұлы.

    Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық қатысушы екі кезең бойынша бақ сынасты. Олардың арасында Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының тумалары бар.

    Бірінші кезең – кеңсе киімдері. Мұнда дизайнерлер көрерменге мемлекеттік қызметшілерге және кеңседе қызмет ететін кез келген жанға ыңғайлы, қазақы оюмен әрленген киім үлгілерін ұсынды. Екінші кезеңде күнделікті киюге, салтанатты кештерге киіп шығуға арналған шапандар, көйлектер, кең стилді (оверсайз) спорттық киімдер, тақиялар таныстырылды. Көздің жауын алатын киім-кешектерді тігу кезінде дизайнерлер барқыт, шыт, джинсы, жібек секілді маталарды пайдаланған.

    Сән көрсетілімінде әділ қазылардың көңілінен шығып, көрермен көзайымы атанған алматылық дизайнер Венера Нұрымбетова жеңіске жетіп, 400 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Ал 2-орынды астаналық Қайыпбаева Гүлнұр, 3-орынды Қонаев қаласының тұрғыны Жазира Бақытбекқызы иеленді.

    «Бұл жарысқа қатысу ойда болған жоқ. Екі күн қалғанда ғана дайындала бастадым. Дайындық кезінде көз алдыма шаңырақ елестеді. Өйткені, шаңырақ – бірліктің, берекенің символы. Енді өзімнің «Нұр» атты брендіме шаңырақты пайдаланатын боламын. Тіпті, депутаттар төсбелгі ретінде туды тағып жүреді ғой, шаңырақты төсбелгі ретінде қолданысқа енгізуді көздеп отырмын. Тігіншілікте 10 жылдан астам уақыт жүрсем де, қазақи киімдер тіккен емеспін. Сондықтан бұл жарыс мен үшін сабақ болды. Шынымды айтсам, жүлде қорының қомақты сома болатынын да білмегенмін», – деді сезімін бөліскен Венера.

    Alatau News

    Tags: дизайнсәнұлттық киім

    Ұсынымдар

    МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    4 months ago
    Шекарашылар үшсайысы

    Шекарашылар үшсайысы

    1 year ago
    Талғарлықтардың талабы тыңдалды

    Талғарлықтардың талабы тыңдалды

    2 years ago
    Кезбе иттермен күрес

    Кезбе иттермен күрес

    3 months ago
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    Тәлімгерліктің рөлі қандай?

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>