⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛДІ

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛДІ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Елімізде жергілікті басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан реформалардың бірі – ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған «Әкімдер мектебі» бағдарламасы. Кейінгі кезде сайланған ауыл әкімдері арасында мемлекеттік қызмет атқармаған азаматтар да кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, олардың саны 50 пайыздан асады.

    Мемлекеттік қызметте тәжірибесі аз сайланған ауыл әкімдері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында аймақтық саясат, мемлекеттік басқару, жергілікті экономиканы дамыту, салық жүйесі, инвестиция тарту, цифрлық басқару және тәуекелдерді басқару бағыттары бойынша білім алуда.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жол­дауында айтылған жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту және әкімдерді тікелей сайлау жүйесін жетілдіру туралы тапсырмасына сәйкес қолға алынған жоба аясында қазіргі уақытта аталған оқу орнында дәріс алып жатқан ауыл әкімдерімен кездесті.
    Басқосуды ашқан облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Дәуітәлиев ауыл әкімдерінің тікелей сайлау жүйесі арқылы қызметке келуін маңызды демократиялық қадам деп бағалады. Сонымен бірге біліктілігін арттырып жатқан ауылдық округ әкімдері Мемлекеттік басқару академиясымен қатар, «AMANAT» партиясының саяси менеджмент академиясы ұсынған дәріскерлерден де тәлім алатынын жеткізді.
    Марат Елеусізұлы бұл кездесу­дің өткен жылғы жақсы дәстүрдің жалғасы, өзара ашық пікір алмасудың тиімді алаңы болып отырғанын атап өтті.
    – Осында отырған баршаңыз – халықтың тікелей қалауы­мен сайландыңыздар. Бұл – сенім әрі үлкен жауап­кершілік. Облыстың барлық ауыл әкімдерін халық өзі таңдады. Алдағы кезеңде әрбір әкім өз ауылында нақты нәтижеге бағытталған жұмыс атқаруы тиіс. Бұл – халықтың сенімін ақтау жолындағы ең басты міндет. Ауылдағы өмір сүру сапасын көтеру үшін жол, су, жарық, интернет секілді негізгі инфрақұрылым мәселелерін жүйелі түрде шешу қажет. Жергілікті кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасау – өзекті бағыттардың бірі. Әлеуметтік салаға да баса назар аударылуы тиіс. Мектеп пен балабақшаның жағдайы, медициналық қызметтің сапасы, мәдениет нысандарының қолжетімділігі – ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейіне тікелей әсер ететін факторлар. Осы салаларда жоспарлы түрде жұмыс жүргізу – әкімдердің басты міндеті. Бұл бағытта облыс деңгейінде барлық қолдау көрсетіледі. Халық өздеріңізге сеніп, жүгінетіндіктен, әрбір мәселені «облыс немесе аудан шешеді» деп күтпей, шешімін іздеп, нақты ұсыныспен шығу – ең тиімді жол. Ауыл әкімдері нақты мәселелерді тұрақты көтеріп, оларды шешу жолдарын қарастыруы тиіс, – деген аймақ басшысы «Әкімдер мектебі» жобасының ауыл әкімдерінің басқарушылық және коммуникативтік қабілеттерін арттыруға, жаңа тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді меңгеруге зор мүмкіндік беріп отырғанын баса айтты. Сонымен қатар осы оқытулар негізін­де Премьер-Министр орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Ауыл әкімдерімен диалог алаңы» форумын ұйымдастыру бойынша өткізілген кеңесте өзекті мәселелер талқыланып, заңнамаға өзгеріс енгізу туралы бастама көтерілгенін жеткізді. Бұл ауыл әкімдерінің ұсыныстары мен ескертпелерінің жоғары деңгейде ескеріліп, тиісті шаралардың қабылданып жатқанын көрсететінін айтқан Марат Елеусізұлы кеңесте көтерілген бірқатар маңызды бағыттарға қысқаша тоқталып өтті.
    – 28 қарашада Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасының ұйымдас­тырылуы әкімдер рөлін күшейтуге, олардың пікірін естуге және ауыл­дарды дамытуға бағытталған мемле­кеттік саясаттың жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Президент пен Үкіметтің ауылды дамыту жөнін­дегі тапсырмаларын орындауда әрқайсыңыз белсенділік танытып, халықтың сенімін ақтайсыздар деп сенемін. Ауылдың болашағы біздің бірлескен еңбегімізге байланыс­ты. Сондықтан елдімекендердің өркендеуі үшін жауапкершілікті сезіне отырып, жүйелі, сапалы жұмыс атқарайық, – деді облыс әкімі.
    Кездесу соңында біліктілігін арттырып жатқан ауыл әкімдері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен естелік суретке түсті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Медиация – татуластыру тетігі

    Медиация – татуластыру тетігі

    2 months ago
    Президент: «Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі»

    Президент: «Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі»

    4 weeks ago
    Жемқорлыққа қарсы топ құрылды

    Жемқорлыққа қарсы топ құрылды

    2 years ago
    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    2 years ago
    Маңызды шешім қабылданды

    Маңызды шешім қабылданды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>