Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында еліміздің болашағын айқындайтын конституциялық реформалар қажеттігін айтқан еді. Бүгін сол бастаманы жүзеге асыратын комисияның кезекті отырысында қозғалған мәселелерді көріп, жұмыстың шұғыл әрі оң басталғанына куә болып отырмыз.
Бұл жерде ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова қолға алынып отырған істің мемлекетіміз үшін тағдыршешті сипатта екенін жеткізе айтып, комисияның басты мақсаты мен міндеттері туралы баяндап өтті. Бізді әсіресе еліміздің Ата заңы мен Парламенттегі өзгерістер толғандыратыны айтпаса да түсінікті. Себебін конституция мемлекет пен қоғамның болашақта басшылыққа алатын ұстанымдарын айқындаса, Парламент жаңадан қабылданатын заңдарымыздың бағытын айқындайды емес пе.
Бұған дейінгі отырыста сөз алған тұлғалардың көтерген мәселелері көңілге қонымды. Мысалы, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ержан Жиенбаев жаңадан құрылатын Халық кеңесінің бүгінге дейін этностар мен конфессияларалық түсіністік мәселерімен айналысып келген Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай атқарған міндеттерді жүзеге асыратына тағы бір тоқталып, жаңадан ашылатын Вице-Президент лауазымының өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды.
Комисия отырысында еліміздің зайырлы қоғам екенін анықтайтын мемлекет пен дін саласын бір-бірінен ажыратан арнайы бап болуы жөніндегі ұсынысты да уақыт талабы деп түсінеміз. Ата заңымызда алғашында көрініс тапқан адам өмірі мен құқықтарын қорғайтын, кінәсіздік презумпциясын мүлтіксіз сақтайтын басты құндылықтардың осы отырыста қайта бір көтерілуі бұл мәселенің де өзектілігін аңғартса керек.
Аталған комисияның нәтижелі әрі әділ жұмыс жасауы қоғамның бақылауында болғандықтан алдағы уақытта жаңа әрі сапалы өзгерістер болатынына сенгіміз келеді.
Қаныбек Айтжанов,
Қарасай аудандық «Аманат» партиясының төрағасы




