⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дания Еспаева: бізге жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет

    29.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Саясат
    Дания Еспаева: бізге жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Ата Заңға ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі тек қана жекелеген түзетулер аясында қалмайтынын, Конституцияның жаңа мәтінін әзірлеу қажеттігіне объективті түрде алып келетінін айтты.

    Оның сөзінше, бастапқыдағы парламенттік реформа туралы бастама, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың трансформациясы, цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы Ата Заңды кешенді түрде қайта қарауды талап етеді. Комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс келіп түсті, олар қазіргі конституциялық нормалардың жартысынан астамын қамтиды, бұл тек жекелеген баптарды жаңарту емес, мемлекеттің басқару құрылымының архитектурасын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді.

    «Қазір алдымызда Ата Заңның жекелеген бөлімдерін түзету немесе толықтырудан асып түсетін міндет тұр. Бұл — мемлекеттік басқару жүйесінің, құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктерінің және билік пен қоғам арасындағы өзара ықпалдастық тетіктерін терең қайта қарау» — деді Дания Еспаева.

    Ол сондай-ақ бұл тәсіл құқықтық актілер туралы заңнама талаптарына сай екенін атап өтті: нормативтік құжат мәтінінің жартысынан астамы өзгерген жағдайда оның жаңа редакциясы қабылдануы тиіс. Осы логика бойынша, жаңа Конституцияны әзірлеу заңға негізделген қадам болып табылады.

    «Жаңа Конституция мемлекеттің тұрақты дамуы үшін берік құқықтық негіз болуға тиіс. Бұл Қазақстанның мемлекеттіліктің жаңа кезеңіне қадам басып отырғанының ашық жарияланған жауабы болады» — деп түйіндеді Дания Еспаева.

    Ұсынымдар

    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    1 year ago
    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    9 months ago
    марат

    Алматы облысының әкімі тұрғындарды рәміздер күні мерекесімен құттықтады

    3 years ago
    МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ

    МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ

    9 months ago
    Қосқұдық ауылында шағын балабақша ашылады

    Қосқұдық ауылында шағын балабақша ашылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>