⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жақсылықпен кел, жаңа күн!

    21.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Жақсылықпен кел, жаңа күн!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Күн мен түн теңесіп, жер-дүниеге жылылық тарайтын көктемнің мерекесі – Наурыз мейрамы да есігімізді қақты. Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша қуанышты сәтті  Қарасай ауданының жұртшылығы үлкен мәдени шарамен қарсы алды.

    Бұл күні аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң ерекше кейіпке еніп, айналаға шуағын шашқан еді. Аспанда әуелеген әсем ән мен құйқылжыған күй мерекенің маңыздылығын аңғартатындай. Әдемі етіп безендірілген сахна алыстан көз тартса, ұлттық киім киген адамдар бір-бірімен ақжарқын амандасып, бір-бірін ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жатты. Алаңнын айналасында орналасқан сауда нүктелері мен тамақтандыру орындарында жұмыс қызған сияқты. Ал, Мәдениет үйінің алдында қолөнер бұйымдарының көрмелері мен аудандағы кәсіпорындардың шығаратын тауарлары көз қызықтыра өзіне шақыратындай. Осы жерде құрылған қазақ үйлер түрлі тақырыптар бойынша жарақталып, ұлттық салт-дәстүрлер, қолөнер бұйымдары, ана мен баланы қорғау, ұлттық тағамдар қойылған екен. Мерекеге келгендер сәнді бұйымдарды тамашалап, астан дәм татысты.

    Мерекелік шара «Шаттық», «Грация», «Кербез», «Гүлназ»  би топтарының мың бұралған көркем  биімен басталды. Осыдан кейін сахнаға көтерілген аудан әкімі Жасұлан Естенов қарасайлықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа жылда жақсылық пен молшылық, береке мен бірлік тіледі.

    Сөзінің соңында ол еңбекте, өнер мен спортта ерекше жетістіктерімен көрінген жеңімпаздарға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен өз атынан Алғыс хаттар табыс етті.

    Мерекелік шара барысында биыл мерейтойлары атап өтілетін жыр алыбы – Жамбылдың, әнші әрі композитор Қапез Байғабылұлының,  поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевтың есімдері ерекше аталып, оларға арналып жыр төгіліп, ән шырқалды. Әдеттегідей, ұлттық кейіпкерлеріміз Алдар көсе мен Жиренше шешен, Қарашаш пен Мадияр байдың бейнелері сомдалып, жұртшылыққа ақ бата берілді. Наурыз тойына  жиналған халық осынау көріністерді тамашалап, Наурыз көжеден дәм татып, жақсы көңіл күймен тарасты.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Наурыз – жыл басы
    21.03.2026
    Жақсылықпен кел, жаңа күн!
    21.03.2026
    Беріктастағы берекелі мереке
    21.03.2026
    Ынтымақ – ырыс кепілі
    21.03.2026
    Көше тұрғындары Наурыз мейрамын тойлады
    21.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>