⛅
25°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Елдік рухты жырлады

    30.04.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Елдік рухты жырлады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданында Қарқара көтерілісінің 100, Жамбыл Жабаевтың 180 және Қапез Байғабылұлының 130 жылдығына арналған «Қарқара – тарих, Жамбыл – жыр, Қапез – әуен» атты айтыс мектептерінің тәлімгерлері арасында облыстық ақындар айтысы өтті.

    Тағылымды шараны облыстық халық шығармашылығы орталығы Кеген аудандық Мәдениет үйімен бірлесе ұйымдастырды. Айтыс аламанына әр өңірден 12 ақын қатысып, көрерменге шынайы сөз сайысының көркем үлгісін ұсынды. Кеген төрінде елдік мұрат, ұлттық рух, еңбек адамының абыройы мен тарихи тұлғалардың өнегелі мұрасы жырға қосылып, әр шумақтан елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік айқын сезілді.
    Сөз додасын Халықаралық айтыскерлер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, ақын Айбек Ережеп жүргізді. Шараның шымылдығын Кеген аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман құттықтау сөзбен ашып, ақындарға сәттілік тіледі. Ал Мәдениет үйінің директоры Еркебұлан Нұрбайұлы айтыстың рухани маңызына тоқталып, ұлттық өнерді ұлықтау ортақ міндет екенін атап өтті.
    Жыршы Әбіш Әділбекұлы ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ақындарға ақ жол тіледі. Әділқазылар қатарында шайыр Даубай Әбдісаев, актер Омар Қиқымов, депутат Алмасбек Нұғыман, сондай-ақ ақындар Серік Сүйіндік, Шеризат Мекебаев пен Аршын Нұрбақыт болды. Олар қатысушылардың тақырыпты ашу шеберлігіне, сөз тапқырлығына және сахна мәдениетіне ерекше мән берді.
    Қазылар шешімімен Кеген ауданының намысын қорғаған Расул Сауытбек бас жүлдені иеленді. І орын Қонаев қаласынан келген Шынарбек Тұрсынға бұйырса, ІІ орынды Балқаш ауданының өкілі Жалғас Садыр мен кегендік Еңлік Оразақын бөлісті. ІІІ орын Еңбекшіқазақ ауданының өнерпазы Қожан Нұргелді мен Райымбек ауданының айтыскер ақыны Аят Жәнібекке табысталды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    Елдік рухты жырлады
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>