⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Талғардағы тамаша мереке

    01.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Талғардағы тамаша мереке
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Аудан орталығындағы Жастар саябағында өңір жұртшылығы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлауға жиналды. Көркі көздің жауын алатын ұлттық киімдегі әжелер мен көктемгі қызғалдақтай құлпырған қыз-келіншектер, ақ сақалды аталар мен бал тілді балдырғандардың бал-бұл жанған қуанышты жүздерін көргенде ерекше күйге бөленесің. Сахнада “Адырна” фольклорлық этнографиялық ансамблінің өнерпаздары халық композиторларының ән-күйлерін орындап, жиналған жұртты көтеріңкі көңіл-күйге бөлеп тұр.
    Мерекелік шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев жиналған жұртты мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
    – Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен келісімнің айқын көрінісі. Біз үшін бұл күннің маңызы ерекше. Түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, “Бірлік пен келісім – біздің басты құндылығымыз және орнықты дамуымыздың берік негізі”. Бұл қағида – баршамызға ортақ бағыт-бағдар.
    Талғар ауданы – бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі. Бүгінде ауданымызда түрлі ұлт өкілдері өзара құрмет пен түсіністік негізінде өмір сүріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бұл – біздің басты байлығымыз. Президентіміз атап өткендей, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Сондықтан татулық пен келісімді сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
    Бірлік бар жерде – береке бар. Ынтымақтың арқасында біз алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, ауданымыздың өркендеуіне бірге атсалысамыз деп сенемін.
    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңа амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнасын! – деді Айбек Дүйсенбекұлы.
    Сондай-ақ ол аудан әкімінің атынан қоғамдық бірлікті нығайту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан этно-мәдени орталық жетекшілері мен белсенділеріін, атап айтқанда түрік, үйғыр, корей, беларус ЭМО басшыларын және басқа азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Шараның соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Ол қазақтың әйгілі қара жорға биімен басталып, әрі қарай әртүрлі ұлттардың биі орындалды. Ең соңында барлық өнерпаздар бірігіп, ұжым болып қайтадан Қара жорға биіне биледі. Бұл да түсінген адамға еліміздегі барлық этностардың өкілдері қазақ халқының айналасына топтасып, тату ынтымақта өмір сүріп жатқанын ұқтырып тұрғандай әсер қалдырғаны анық. Табиғат та қала тұрғындары мен қонақтар жақсы тойласын деді ме, аспанды бұлт басып тұрса да бір тамшы жаңбыр түскен жоқ. Жалпы, талғарлықтар бұл мерекені жақсы тойлады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымағы жарасқан
    01.05.2026
    Талғардағы тамаша мереке
    01.05.2026
    Демалыс аймағында экологиялық акция өтті
    01.05.2026
    Бірлік пен спорт үндестігі: Іле ауданында 1 мамырда футбол маусымы ашылды
    01.05.2026
    Қарғалыдағы мереке
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>