Esil University —елордадағы заманауи әрі жетекші университеттердің бірі. Мектеп бітіріп, болашақ өмірге қанат қаққан түлектердің Esil University таңдауына себептер жеткілікті. Олардың ішіндегі ең маңызды 10 стратегиялық артықшылығы келесідей:
1. Заманауи мамандықтар мекені: Бас қаламыз Астанада орналасқан IT, digital, экономика және бизнес, басқару, менеджмент, құқық және педагогика салалары бойынша жетекші жоғары оқу орны.
2. Жоғары рейтинг: Гуманитарлық-экономикалық бағыт бойынша Қазақстанның ТОП-5 университетінің қатарына кіреді.
3. Мықты инфрақұрылым: Заманауи үлгідегі оқу кампустары мен озық ғылыми-зерттеу базасы бар.
4. Жайлы жатақханалар: Студенттер үшін қонақүй типіндегі жатақханалар қарастырылған.
5. Білікті мамандар: Дәрісті жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы мен тәжірибелі практиктер береді.
6. Әлемдік білім беру: Әлемнің 97 үздік университетінде білім алу мүмкіндігі: қос дипломды білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламалары.
7. Халықаралық диплом: Түлектер халықаралық деңгейде аккредиттелген, шетелде танылатын диплом алады.
8. Үздіксіз білім беру үрдісі: Оқытудың барлық сатысы бар: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура.
9. Кепілді жұмыс орны: Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші еліміз бойынша ең жоғары деңгейде.
10. Ұмытылмас студенттік шақ: Esil University – жарқын, белсенді әрі әсерлі студенттік өмірдің кепілі!
Жас түлектердің жарқын болашағы осы оқу орнынан басталады.
Оқу орны туралы толығырақ https://esil.edu.kz/ ресми интернет-ресурсынан білуге болады.
