Ұйғыр аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен аудан көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара барысында азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, қолданыстағы заңнама талаптарын орындау, абаттандыру және санитарлық тазалық қағидаларын сақтау жөнінде түсіндірме берілуде. Сонымен қатар тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, үй іргесіндегі аумақты таза ұстау, арамшөптерді дер кезінде ору, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы ақпарат жеткізілуде.
Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Анар ДүЙСЕНБАЙқЫЗЫ
Уйғыр ауданы


