Перейти к содержимому

          Жамбыл ауданында республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өткен кезекті сенбілікке мемлекеттік мекеме өкілдері, еріктілер және белсенді азаматтар көптеп қатысты. Олар көше, қоғамдық орын, аула, саябақ және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстарына таңертеңмен біркісідей кірісті.

         Орақ іске ұйымшылдықпен қатысқандар тұрмыстық қалдықтарды жинап қана қоймай, туған өлкені көгалдандыру мен көркейту жұмыстарына да өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін нығайтып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Шараның негізгі мақсаты да сол – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілігін арттыру және аумақтарды абаттандыру. Мұндай жұмыстан тұрғындар да сырт қалмай, өз үйін, ауласын, көшесін күтіп ұстауға, заманауи үлгіде әр беруге мүмкіндігінше тырысуда. Әсіресе олардың табиғатты аялауға деген шынайы ниеті қуантады.

         Ауқымды сенбілікке 389 мемлекеттік қызметкер, 453 ерікті және 1599 аудан тұрғыны қатысып, жұмысқа 26 техника тартылды. Нәтижесінде 55 тонна қоқыс шығарылып, 21 гектар аумақ тазартылды. Акцияны ұйымдастырушылар республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясындағы ортақ істен сырт қалмай, елдімекенді көркейтуге үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс білдірді.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы