Перейти к содержимому
Главная страница » Құрылтай сайлауы – ұлт бірлігінің кепілі

Құрылтай сайлауы – ұлт бірлігінің кепілі

Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 23 тамызында Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – Жаңа Қазақстанның жаңа тарихын парақтайтын, мемлекетіміздің егемендігін бекемдей түсетін ұлы шешім. Бұл – тек саяси науқан емес, бұл – бабалар аңсаған ашық қоғам мен әділетті мемлекет құру жолындағы тарихи бұрылыс!

Мемлекет басшысының бұл қадамы халықтың өз тағдырын өзі айқындауға деген еркіндігі мен ел тізгінін сеніп тапсырар азаматтарын іріктеуге берілген үлкен мүмкіндік. Құрылтай – ежелден ел тағдыры шешілетін, ұлтты ұйыстыратын қасиетті мінбер. Бүгінгі таңда бұл дәстүр заманауи демократиялық сипат алып, әрбір қазақстандықтың үніне құлақ түрудің озық үлгісіне айналмақ.

Бұл сайлау – рухы биік, ұлтын сүйетін әрбір азамат үшін үлкен сын әрі перзенттік парыз. Ел болашағына бейжай қарамайтын, жүрегі «елім» деп соққан әрбір отандасымыз бұл үдеріске белсене қатысуы тиіс. Біз бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсету арқылы ғана сыртқы сын-қатерлерге төтеп беріп, ішкі тұрақтылықты сақтай аламыз. Президент Жарлығы – елдің ертеңіне, жас ұрпақтың жарқын болашағына жасалған батыл әрі жасампаз қадам. Ата-бабамыздың аманатына адал болып, Құрылтай сайлауында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қуатты да тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бірге бекітейік!

Ибрагим РАЗАҚОВ,

Еңбек ардагері

Талғар ауданы