Перейти к содержимому
Главная страница » Тарихи күн

Тарихи күн

1 шілдеден бастап, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде қолданысқа енгізілді. Бұл — тарихи күн, ел өміріндегі аса маңызды оқиға. Конституция 11 бөлімнен және 96 баптан тұрады. Алдағы уақытта Халық кеңесі мен Құрылтай құрылып, халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық кеңесі және депутаттардан құралған Құрылтай жұмысын бастайды.-Біздің басты мұратымыз – халықтың әл-ауқатын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл көрсеткіштерді ұдайы көтеріп, осы үрдісті үздіксіз жалғастыра беруіміз қажет,- деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымызда тұрған аса ауқымды әрі күрделі міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін табанды, нәтижелі еңбек ету керектігін атап өтті.Мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастыру, Қазақстан экономикасын жаңа үлгіге көшіру, еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық негізін нығайту, толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұрғандығына Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында кеңінен тоқталды. Еліміздің барша халқына Ата Заңымыз құтты болсын дегім келеді!

Балжан Омарова,

Райымбек аудандық аналар кеңесінің төрағасы