Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңды күшіне енген жаңа Конституция Тәуелсіздікті нығайту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана екенін айрықша атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы еліміздің алдағы жаңа саяси бағдарды ұсынып, бірқатар басымдықты белгілеп берді. Тағы бір маңызды басымдық – адам капиталын дамыту. Президентіміз білімге, ғылымға, медицинаға, әлеуметтік қорғауға, мәдениетке жасалып жатқан мемлекеттік қолдау осы бағыттағы саясаттың жарқын көрінісі екенін тілге тиек етті.Осы ортақ істе Мемлекет басшысының саяси бағдарының аясында жұдырықтай жұмылу, елдік мүддені бәрінен биік қою – уақыт талабы. Сол себепті, баршамыз белсенділік танытып, Әділетті Қазақстанды бірлесіп құруға шақырамын.Жаңа Конституция егемен еліміз үшін баянды болсын!
Бақытгүл Демежанқызы,
Кеген аудандық аналар кеңесінің төрағасы


