Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

56 қаралым

Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы саябақтардың бірінде ересек адамның кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасағаны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы («Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп, іске қатысты мән-жайлар толық зерделенді.

Күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Күдіктінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана белгіленетінін атап өткен жөн. Полиция кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше мән береді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, ата-аналармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға, олардың бос уақытын бақылауға және қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

Д.АХМЕДОВА,

Еңбекшіқазақ аудандық полицияя бөлімі АБ-нің анықтаушы полиция лейтенанты