Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

35 қаралым

Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның III тоқсандағы кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.

Отырыс барысында аудан аумағында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды.

Күн тәртібінде контртеррористік және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары, Алматы облысының Дін істері басқармасы дайындаған ақпараттық-түсіндіру материалдарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Сонымен қатар терроризмге қарсы қорғалуы тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нысандарды қажетті инженерлік-техникалық құралдармен жабдықтау, сондай-ақ нысан басшылары мен қызметкерлері арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді. Терроризм қатерлерінің алдын алу, діни экстремизмге жол бермеу және аудан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Райымбек ауданы