Алатау қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 143 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 2712 баланың ата-анасының шотына ақша аударылды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және қамқоршылықтағы, әлеуметтік осал топтан шыққан балалар бар. Сондай-ақ қала кәсіпкерлері акцияға белсенді қатысуда. Демеушілер тарапынан көмектер көрсетілуде.
Ерзат АСЫЛ