Перейти к содержимому

Туя күніне арналды

36 қаралым

Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы Іле ауданындағы   GREEN SERVICE  өсімдіктер питомнигіне барып, туя күніне орай өткен  мерекелік шараға қатысты.

 Аталған питомникте  Алматы  қаласы мен облысын   көгалдандыруға пайдаланылатын қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар, сондай-ақ көпжылдық гүлдер өсіріледі. Кәсіпорында заманауи жылыжай кешені, контейнерлік өсімдіктерге арналған арнайы аймақ, көлік-логистикалық   және  сауда-көрме орталығы жұмыс істейді. Ондағы барлық өсімдік еліміздің  климаттық ерекшеліктеріне бейімделген және жоғары жерсіну көрсеткішіне ие. GREEN SERVICE бүгінде қылқан жапырақты ағаштарды егуге бамымдылық береді. «Таза қылқан жапырақты ағаштармен бақ жасауға болады. Қылқан жапырақты ағаштардың жылдың төрт мезгілде жасыл болуымен қатар олардың адамға тигізер пайдасы өте зор. Оларды сыпырып, тазалық жасап жатудың қажеті жоқ. Оттегін көп бөлетін емдік қасиеті бар. Бүгінде біз 12 гектарға  60 мың түп қылқан жапырақты ағаш егіп отырмыз. Жылына 15 түп  шырша мен бозарша көшеттерін сатамыз. Олардың дені Алматы қаласы мен Алматы облысының елдімекендерін көгаландандырады. Көршілес елдерден де біздің көшеттерге сұраныс жоғары»,– дейді  GREEN SERVICE  ЖШС-нің Рауан есімді жетекшісі.

Туя күніне орай өткен шарада питомник мамандары қылқан жапырақты ағаштарды өсіру мен күтіп баптау жайлы кеңес беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар өзге аудандардан келген орманшылар өсімдіктер питомнигінің базасына көшеттер екті. «Бүгін  туя күніне арналған мерекеге орай GREEN SERVICE  ЖШС базасына келіп, мұндағы нақты  тәжірибемен таныстық. Алдымызда  «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы  аясында  облысымыздың  орман алқаптарына көптеп ағаш егу міндеті тұр. Сондықтан біз өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа технологияларды бірге меңгеріп, сенімді серіктеске айналамыз деген ойдамын», – деді шараны түйіндеген  облыс әкімінің орынбасары   Бақытнұр Бақытұлы.

  Ерзат АСЫЛ

Іле ауданы