Бүгін, 23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалана алады. Тегін жол жүру мүмкіндігі қалааралық бағыттарды қоспағанда, барлық автобустарды қамтиды.
Автобустар жолаушыларды әдеттегі бағыттары бойынша белгіленген кестеге сәйкес тасымалдайды. Тегін жол жүру Қонаев және Алатау қалаларында, Іле, Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, Қонаевта тоғыз бағыт бойынша жол жүру тегін. Олар: №1 Қонаев – Арна, №2 “Капшағай Ресурс” ЖШС мұнай базасы – 12-шағынаудан, №3 “АТК”шағынауданы – қалалық көпбейінді аурухана, №4 Строитель саяжай серіктестігі – Қарлығаш шағынауданы, №7 Сүзгілеу станциясы – 8–10-шағынаудандар, №8 РММ 64192 әскери бөлімінің 2-желісі – қалалық аурухана, сондай-ақ №9П, №10П және №11П қала маңы бағыттары.
Жаңа Алатау қаласында №1 Gate City шағынауданы – Көктөбек ауылы және №2 Құйған шағынауданы – Gate City шағынауданы бағыттары бойынша тегін қатынауға болады.
Ал Іле ауданында №301, №302, №303, №305 және №306 маршруттарында жолаушылар тегін тасымалданады.
Қарасай ауданында Қаскелең қаласының №1 және №2 қалалық бағыттары, сондай-ақ №3, №5, №6, №7 және №9 маршруттары тегін қызмет көрсетеді.
Жамбыл ауданында жеті бағыт бойынша тегін жол жүру қарастырылған. Бұл маршруттар Ұзынағашты Ынтымақ, Жаңақұрылыс, Қайназар, Қарғалы, Қазыбек бекеті, Бесмойнақ және Дегерес елді мекендерімен байланыстырады.
Ұйғыр ауданында №1 және №2 ауылішілік маршруттарда жол жүру ақысы алынбайды.
Талғар ауданында 12 бағыт бойынша тегін қатынау ұйымдастырылған. Оның ішінде Талғар қаласын Байбұлақ, Қызылқайрат, Талдыбұлақ, Орман және басқа да елді мекендермен байланыстыратын маршруттар бар.
Тегін маршруттардың ең көп саны Еңбекшіқазақ ауданында қарастырылған. Бұл бағыттар Есік пен Шелек қалаларын жақын маңдағы елді мекендермен, соның ішінде Ақтоған, Қорам, Қаражота, Таукаратұрық, Малыбай, Нұрлы, Нұра, Алмалы, Талдыбұлақ, Байдібек би, Амангелді және Орнек ауылдарымен байланыстырады.
Тегін жол жүру мүмкіндігі тұрғындарға қосымша шығынсыз сайлау учаскелеріне жетіп, дауыс бергеннен кейін қоғамдық көлікпен өз бағыттары бойынша әрі қарай жүруіне мүмкіндік береді.
Алматы облысының ӨКҚ