Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ел болашағына жасалған таңдау

Ел болашағына жасалған таңдау

34 қаралым

         Таңсәріден сайлау учаскесінде ерекше толқыныс пен жауапкершілік сезіледі. Құрылтай сайлауы басталар сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Әнұранның асқақ үні залды кернеп, әр жүрекке елдік рух пен ерекше тебіреніс сыйлады. Сол бір сәтте баршамыздың ойымыз бір арнаға тоғысқандай болды. Ол — туған жердің тағдыры, елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы еді.

         Жамбыл ауданының Жамбыл ауылындағы №296 сайлау учаскесінде байқаушы Айгерім Сарманова былай дейді:

         «Дауыс» ұйымының байқаушысы ретінде осы тарихи сәттің куәсі болып отырғанымды мақтан тұтамын. Учаскеде қызу дайындық аяқталып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасауға келе бастады. Әр адамның жүзінен жауапкершілік пен толқынысты байқауға болады. Бүгін — таңдау жасайтын күн. Бүгін — тарихқа куә болатын күн. Бүгін — ел болашағына өз үлесіңді қосатын күн!

 Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы