Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / АРДАГЕРЛЕР ТӨРАҒАСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТТІ

АРДАГЕРЛЕР ТӨРАҒАСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТТІ

42 қаралым

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы Ерболат Тұрымбетов елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауы кезінде Іле ауданы №1062 сайлау учаскесіне келіп,  азамттық ұстанымын білдіріп, кейінгі буынға үлгі көрсетті.

Зейнетке шықса да елдің қоғамдық өміріне бей-жай қарамай, облыс көлеміндегі барлық шараға белсене қатысып жүрген  аға буын өкілінің сайлауда таңдау жасауы – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Еліміздегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, мемлекетіміздің болашағына қатысты таңдау жасаған Ерболат Сапарұлы  кейінгі буынның ел өміріндегі маңызды өзгерістерге белсенді араласуы қажет екенін тілге тиек етіт.  Ол әрбір қазақстандықтың Құрылтай сайлаына қатысып, өз таңдауын жасауын ел дамуына қосқан үлесі деп есептейтінін жеткізді.

Еңбек ардагерінің өмірлік тәжірибесі мен кейінгі буынның жаңашылдығы еліміздің дамуына  қызмет етуі қажет. Мұны жақсы түсінген ардегерлер төрағасы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын бүгінгі жастардың саяси науқанға белсене қатысуы тиіс деп санайды.