Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ақын жары тарихи күннің куәсі

Ақын жары тарихи күннің куәсі

61 қаралым

Ақын жары – тарихи күннің куәсі
Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесіне келген сайлаушылардың қатарында қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевтің зайыбы Күлтай Қасымова да болды.
Сайлау учаскесінің ақын атындағы аудандық Мәдениет үйінде орналасуы бүгінгі күнге өзіндік сипат берді. Күлтай Қасымова ең алдымен Мәдениет үйінің ауласындағы Тұманбай Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.
Осыдан кейін Күлтай Қасымова сайлау учаскесіне кіріп, өз дауысын берді. Осы сәтте Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән шырқалып тұрды.
– Сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды сәт деп ойлаймын. Тұманбай өмір бойы елдің тыныштығын, халықтың бірлігін, туған жердің қасиетін жырлады. Біз де осындай бейбіт күннің қадірін білуіміз керек. Бүгін өз дауысымды беріп, ел ертеңіне бейжай қарамайтынымды білдірдім. Қандай заман болса да, халықтың бірлігі мен елдің болашағы бәрімізге ортақ. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды деп санаймын – деді Күлтай апамыз.
Тұманбай Молдағалиевтің жырлары халық арасына кең тарады. Ол қазақ поэзиясының дамуына айрықша үлес қосты. Ақынның есімі туған жерінде де айрықша құрметпен аталады.