Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Таңнан бері №385 сайлау учаскесінде адам қарасы сейілген жоқ

Таңнан бері №385 сайлау учаскесінде адам қарасы сейілген жоқ

38 қаралым

Н. Тілендиев ауылының тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысуда. Н. Тілендиев ауылындағы №385 сайлау учаскесінде таңғы уақыттан бері адам қарасы қалың. Тұрғындар дауыс беруге белсенді келіп, сайлаушылар легі толастар емес.
Сағат 08:00-ден бастап учаскеге алғашқы сайлаушылар келе бастады. Уақыт өткен сайын олардың қатары артып келеді: бірі бюллетенін жәшікке салып, дауыс беріп шықса, оның орнын келесі сайлаушылар басуда.
Дауыс берушілер арасында әртүрлі жастағы тұрғындар бар. Жастар, орта және аға буын өкілдері учаскеге жеке де, туған-туыстарымен бірге де келіп жатыр. Көпшілік дауыс беруді кейінге қалдырмай, күннің алғашқы жартысында өз таңдауын жасауды жөн көрген.
Әсіресе, учаскеге келушілер санының сағат сайын артып келе жатқаны байқалады. Уақыт өткен сайын мұндағы қозғалыс та қыза түсуде.
Қазіргі уақытта дауыс беру жалғасуда. №385 сайлау учаскесінде әлі де халық көп, тұрғындар келіп, өз таңдауын жасауда.