Бүгінгі маңызды саяси науқанда қазақстандық спорттың дамуына зор үлес қосып жүрген білікті маман, еңбек сіңірген жаттықтырушы Боранбек Қоңыратов өз таңдауын жасады. 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраевты дайындаған бапкер дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Спорт саңлақтарын тәрбиелеп жүрген бапкер ел болашағына бейжай қарамай, жас ұрпақтың жарқын келешегі үшін өз таңдауын жасады. Оның дауыс беруге қатысуы – спортшылар мен жас ұрпаққа өнеге, ел тағдырына деген жауапкершілік пен азаматтық парыздың айқын көрінісі.
«Бүгін мен азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Өйткені еліміздің болашағы бәрімізге ортақ», – деді Боранбек Қоңыратов. Оның жетекшілігімен дайындалған спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келеді. Бұл жетістіктер отандық грек-рим күресінің деңгейін көрсетіп, спорттың әлеуетін халықаралық аренада тағы бір мәрте дәлелдеді.
Білікті бапкердің ғибратты ғұмыры – спорт саласындағы қажырлы еңбек пен тағылымды өмір жолы. Бүгінде де ол ел өмірінен шет қалмай, өз таңдауын жасап, шәкірттеріне өнеге көрсетіп отыр.
Еңбек сіңірген жаттықтырушы – елмен бірге, ел тағдырымен бірге!