Қорқыттың қобызы, Абайдың сөзі, Күләштің үні, Нұрғисаның күйі – бір сахнада.
Құрылтай депутаттарын сайлау күні №364 және №373 сайлау учаскелерінде ұлттық өнер мен азаматтық таңдауды сабақтастырған мазмұнды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.
Сағат 13:00-де басталған шарада қазақ мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғалардың шығармашылық мұрасы театрландырылған қойылым арқылы көрермен назарына ұсынылды. Қойылымда Қорқыт ата, Абай Құнанбайұлы, Күләш Байсейітова және Нұрғиса Тілендиев сынды ұлт руханиятының алып тұлғаларының бейнесі мен өнері арқау болды.
Бағдарлама барысында ұжымының орындауындағы өнері көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлап, домбырадан төгілген күйлер ұлттық музыканың құдіретін сезіндірді. Әрбір өнер туындысы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын, елдік болмысын және ұрпақтар сабақтастығын кеңінен танытты.
Сайлау учаскесіндегі бұл мәдени бастама өнерді жай ғана сахналық қойылым ретінде емес, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікті үндестіретін рухани құндылық ретінде көрсетті. Өйткені ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасалатын күнде халықтың тарихын, мәдениетін және бірлігін дәріптейтін өнердің орны айрықша.
№892 сайлау учаскесінде ұлт тарихының тұлғалары, күмбірлеген домбыра, әуезді ән және азаматтық таңдау бір арнада тоғысып, сайлау күнінің мазмұнын байыта түсті. Бұл – ұлттық мұраны ұлықтау арқылы елдік құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған тағылымды шара болды.
ОҚИҒАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ
Ұлттық өнер бейнелері сайлау күнін рухани мазмұнмен толықтырды. Домбыраның үні, ұлы тұлғалардың мұрасы және сахналық көріністер көрерменге мәдени жадының қоғамды біріктіретін құдіретін сездірді.