Перейти к содержимому

Таза ауладан – таза елге

16 қаралым

Елдің тазалығы ең алдымен әрбір үйдің ауласынан, әрбір көшеден басталады. Аула маңын таза ұстау, қоқысты ретсіз төкпеу, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау – баршаға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды туған жерді көркейтуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Бұл іске жастардың, еріктілердің және тұрғындардың белсенді араласуы ерекше маңызды. Алматы облысында да акция аясында жүздеген іс-шара өткізіліп, ондаған мың адам тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына қатысты. Таза аула – жайлы өмірдің бастауы, ал әрбір таза көше – мәдениетті қоғамның белгісі.

Алтынай СЕЙІТКЕН