Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҚОНАЕВ СПОРТ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫ

ҚОНАЕВ СПОРТ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫ

14 қаралым

Биылғы жаз Қонаевта жағажай демалысымен ғана шектелген жоқ. Қалада тұрғындар мен туристердің қызығушылығын арттырған бірқатар ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар өтті.

Дәстүрлі Aspan FEST, халықаралық Oceanman ашық суда жүзу жарысы, Krida Open Water республикалық турнирі, ASP ARENA-дағы концерттер және Орталық Азияның дрифт-шоуы қалаға мыңдаған қонақты жинады.

Алдағы жылдары Қапшағай су қоймасында «Формула-1» халықаралық жарысын өткізу жоспарланып отыр.