Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қазақстан көк бөрі мен көкпардан жарысты аяқтады

Қазақстан көк бөрі мен көкпардан жарысты аяқтады

67 қаралым

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалдық күні ұлттық ат спортының екі түрі — көк бөрі мен көкпардан тартысты бәсекеге ұласты.Көк бөріден өткен финалда Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болып, жарыс қожайындарына жол берді. Ұлттық құрама сапында Алматы облысының өкілдері — Самат Жаманқара мен Айбар Тоқтанай өнер көрсетті.Кейін көкпардан шешуші кездесу өтті. Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, тартысты ойын қорытындысы бойынша 2:7 есебімен жеңіліс тапты. Алтын жүлде — Қырғызстанға, күміс — Қазақстанға, қола — Ресей құрамасына бұйырды.Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Алматы облысының спортшылары — Ынтымақ Алипбаев, Нұржігіт Пермебай және Бақытжан Әзімбай өнер көрсетті. Финалда Қазақстан құрамасының екі салымының бірін Ынтымақ Алипбаев орындады.Қазақстан көкпары үшін бұл финал да спорт тарихындағы маңызды белестердің бірі болды. Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құрамалар деңгейінде көкпардың қолданыстағы ережелері бойынша Қазақстан мен Қырғызстан үш рет кездесіп, оның үшеуінде де қазақстандықтар жеңіске жеткен еді. Бұл жолғы кездесу Қырғызстан құрамасының Қазақстанды көкпардан алғаш рет жеңуімен ерекшеленді.