Перейти к содержимому

Заңды білу – өзіңді қорғау

5 қаралым

Заңды білу – әр азамат үшін маңызды. Өз құқығын білмеген адам түрлі келеңсіз жағдайға тап болуы мүмкін. Құқықтық сауаттылық адамның дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қандай да бір мәселе туындағанда оны заң аясында шешудің жолын білу қажет. Заң азаматтың құқығын қорғайды және міндетін де айқындайды. Сондықтан құқықтық білімді мектеп жасынан қалыптастырудың маңызы зор.
Жастар заң талаптарын жақсы білген сайын жауапкершілігі де артады.
Азамат өз құқығын қорғаумен қатар өзгенің құқығын бұзбауы тиіс. Кез келген дауды күш қолдану арқылы шешуге болмайды. Мұндай жағдайда заңда белгіленген тетіктерге жүгінген дұрыс. Құқықтық мәдениет қоғамдағы тәртіпті нығайтады. Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Әр адам өз міндетін адал орындаса, көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға болады. Сондықтан заңды білу – тек мамандарға қажет білім емес. Бұл – әр азаматқа бағыт берер өмірлік сауат.

Құралбек СӘБИТҰЛЫ