Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында талапқа сәйкес келмейтін азық-түліктер анықталып, сатуға тыйым салынды

Алматы облысында талапқа сәйкес келмейтін азық-түліктер анықталып, сатуға тыйым салынды

41 қаралым

2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Бақылау іс-шаралары аясында 146 бірлік өнім сатып алынып, олардың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталып, 115 жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бұл жалпы көрсеткіштің 78%-ын құрайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде:

• 104 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 8 593 775 теңгені құрады;

• 11 материал МОР-ға жолданды;

• 91 жағдайда (68%) өнімді таңбалау талаптарының бұзылғаны анықталды;

• 43 жағдайда (32%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды.

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін өнімдердің сатылымға шығарылуына жол бермеу мақсатында Департамент мамандары ветеринариялық инспекция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп тиісті бақылау іс-шараларын жүргізуде.

Жүргізілген іс-шаралар барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер анықталды. Олардың одан әрі сатылуына және тұтынушыларға жеткізілуіне жол бермеу мақсатында айналымнан импорттық өндірістегі 165 дана жұмыртқа және 13 кг құс еті алынып, белгіленген тәртіппен жойылды.

Қабылданған шаралар талапқа сәйкес келмейтін өнімдердің одан әрі сатылуына және тұтынушылардың денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, ветеринариялық инспекция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі.

Бірлескен жұмыс бұзушылықтарды жедел анықтауға, олардың сипатын айқындауға, мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде тиісті ден қою шараларын қабылдауға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тұтыну нарығына түсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Департаменттің жұмысы тек бақылау шараларымен шектелмей, профилактикалық бағытта да жүргізіледі. Кәсіпкерлік субъектілеріне азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, таңбалануы, сақталуы және өткізілуі саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерінің сатылымға шығарылуына жол бермеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Дина СЕНБАЕВА,

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда жәнетұтынушылардың құқықтарын қорғаудепартаментінің бас маманы