Отбасындағы татулық пен өзара құрмет – қоғам тұрақтылығының негізі. Балқаш ауданында тұрмыстық жанжал мен отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарының маңызы ерекше. Қорқыту, күш көрсету немесе психологиялық қысым көрсету ешқашан қалыпты жағдай ретінде қабылданбауы керек. Қиын жағдайға тап болған азамат көмек сұраудан қорықпағаны жөн. Отбасындағы мәселені дер кезінде шешу оның асқынуына жол бермейді. Балалардың көзінше болатын жанжал олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Зорлықсыз отбасы – дені сау әрі қауіпсіз қоғамның негізі.
Балқаш ауданы