Перейти к содержимому

Түнгі рейд өткізілді

246 қаралым

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан ауылдық округінде учаскелік инспекторлар мен әкімшілік мамандары және мектеп ұстаздарының қатысуымен түнгі рейд жұмыстары өткізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруінің алдын алу, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың профилактикасын күшейту және қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауылдық округ қызметкерлерінің сөзінше бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

↑