Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесін айқындайтын және қоғамдық қатынастардың негізгі қағидаттарын белгілейтін басты құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды негізі болып саналады. Конституциялық нормаларды білу әр адамның ел алдындағы жауапкершілігін терең түсінуіне көмектеседі. Қоғамда заңға құрмет қалыптасуы үшін азаматтар өз құқықтарымен қатар міндеттерін де білуі қажет. Конституцияның маңызын түсіндіру жұмыстары жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Құқықтық мемлекет құруда мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара сенімі маңызды рөл атқарады. Ата Заң қағидаттарын құрметтеу – тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастырудың негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
