☀️
1°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    22.01.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Алматы қаласындағы автобустарда жүргізушілерді көлік салонынан оқшаулап тұратын қалқа орнатылады деп хабарлады ҚазАқпарат.

    Тілшілермен кездескен қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев апатты жағдайда басатын түйме орнату туралы ұсыныс түскенін айтты. «Қазір оның техникалық жағы қарастырылып, талқыланып жатыр. Келешекте мүмкіндік болса әрине, орнатамыз. Сонымен қатар қазір жаңа автобустар сатып алып жатырмыз. Онда жүргізуші мен жолаушылар арасын бөліп тұратын қалқа қоюды да қарастырып жатырмыз», деді Телібаев.

    Ол бұл мәселелер 2023 жылы желтоқсанда Алматы қаласында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін талқылана бастағанын айтты.

    Былтыр 22 желтоқсан күні кешқұрым Алматыда №47 маршрутта келе жатқан жолаушы жүргізуші әйелмен сөзге келіп, соққыға жыққан еді. Соққыдан әйел есінен танып, автобус рөліне ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аялдамаға жақын тұрған бірнеше адамды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан үш адам оқиға орнында, жедел жәрдем көлігі жеткенге дейін қаза тауып, үш адам жараланып ауруханаға түскен. Марқұмдардың екеуі – ерлі-зайыпты, артында төрт баласы қалды.

    Жүргізушіні ұрған ер адам қамауға алынып, үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) және 351-баптың 3-бөлімі (екі және одан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған, көлік құралын қауіпсізды қастамасыз ететін басқару ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды.

    Бұған дейін Алматы полициясы қаладағы жолаушы автобустарын «102» арнасына қоғамдық көлік мекемесінің диспетчерлік қызметіне қосатын арнайы түймемен жабдықтауды ұсынған.

    Ұсынымдар

    «Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды

    «Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды

    5 months ago
    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    Үкімет: Биыл инфляцияны 2 есеге төмендетуіміз керек

    3 years ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    2 years ago
    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    2 years ago
    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>