Бүгін өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауында Кеген ауылындағы №558 сайлау учаскесіне «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары Бақашовтар отбасы арнайы келіп, отбасымен бірге өз таңдауларын жасады.
Ел бірлігі мен отбасы құндылықтарын ту еткен өнегелі шаңырақ үшін мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі.
Бақашовтар отбасы әрбір азаматтың дауысы ел дамуы мен қоғамның болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, барша тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Өнегелі отбасы – ел бірлігінің тірегі, ал саналы таңдау – жарқын болашақтың бастауы!
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

