Перейти к содержимому

Таза Қазақстан

Ынтымағы жарасқан

  • автор:

Аптап ыстықта Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылындағы мұсылман бейітінің аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрт шықты. Ауыл тұрғындары қызыл отты дереу ауыздықтап, халықтың береке-бірлігін көрсетті. Ауыл сыртындағы мұсылман зираты аумағында күннің ыстығынан тұтанған от, шамамен 10 гектар… 

«Таза Қазақстан»  – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік!

  • автор:

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Осы бастама аясында Балқаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қоғамдық… 

«Таза Қазақстан»: Ауыл тазалығын сақтайық!

  • автор:

«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жастар ресурстық орталығы, белсенді жастар және Кеген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Айбек Әжікеевтің қатысуымен кезекті экологиялық рейд өтті.Рейд барысында дрон арқылы әуеден… 

«Таза Қазақстан»: Тазалық дәстүрге айналуда

  • автор:

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы апта сайын белсенді ұйымдастырылуда. Әсіресе, аптаның төртінші күні «Таза бейсенбі» шарасы күн тәртібінен түскен емес. Күні кеше осындай бастама аясында Қарасай ауданының барлық аумағында… 

«Таза бейсенбі»: Игі іс – жанашырлықтың жарқын үлгісі

  • автор:

Кеген ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті. Бұл бастама азаматтар арасындағы экологиялық мәдениетті нығайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталып отыр. Тазалық шарасына аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, әкімдік қызметкерлері, мекеме… 

Дардамтыдағы таза бейсенбі

  • автор:

6 тамыз күні Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округіне қарасты Дардамты ауылында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Акцияға 50-ге жуық адам… 

Таза ауыл – тұрғындар айнасы

  • автор:

Бүгін Ұйғыр ауданында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына Бахар ауылының тұрғындары да белсенді қатысты. Таңмен таласып, сыпырғыш пен тырмаларына қолдарына алған тұрғындар ауылдың ең үлкен Достық, Илья Бахтия көшелеріне қарай жылжыды. Жұмысқа тек мекеме қызметкерлері ғана емес, ауылдың белсенді тұрғындары да араласты. Ауылдың қарттары бастап, жастары қоштап, жалпы саны жетпістен астам тұрғын бүгінгі тазалық жұмыстарына атсалысты.  Әркім өз шамасына қарай еңбек етіп, ортақ іскеүлес қосты. Бірі тазаласа, енді бірі жинап, ретке келтіріп отырды. Көшелер мен көпшілік жүретін орындарда жиналған қоқыс шығарылып, жолжиегін басып кеткен шөптер шабылды. Әсіресе бұрын назардан тыс қалып келген тұстарға көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде ауыл іші біршама жинақталып, көзге жағымды көріне бастады.Нәтижесінде 1,5 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 2 тоннаға жуық қоқыс тиісті орынға шығарылды. Мұндай істердің мәні тек айналаны тазалаумен шектелмейді. Ол адамдардың өз ауласына, өз көшесіне деген көзқарасын өзгертеді. Тазалық сырттан келмейді, ол әркімнің өз әрекетінен басталатынын бахарлықтар осы жолы тағы бір мәрте дәлелдеді.… 

«Таза Қазақстан» – таза болашақтың кепілі!

  • автор:

Шарын ауылында өткен тазалық жұмыстары бұл жолы өзгеше сипат алды. Мәдениет қызметкерлері ауылдың кіреберіс бөлігін ретке келтіруді қолға алып, біраздан бері назардан тыс қалған аумақты тазартты. Жол жиегіндегі қалың өскен шөптер шабылып, тікенектер алынып тасталды.… 

Мәдениет тазалықтан басталады

  • автор:

«Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуына Ұйғыр ауданының мәдениет қызметкерлері де өз үлестерін барынша қосып келеді. Бұл жолы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өз бастамаларымен аудан орталығы Шонжы ауылының кіреберіс аумағын тазалауды қолға алды. Мәдениет тазалықтан басталатынын жақсы… 

Өзен жағалауы тазартылды

  • автор:

Тиірмен ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жолғы шарада негізгі көңіл өзен жағалауы мен ауылдың сырт аумағын тазалауға бөлінді. Игі іске ауылдың 40-қа жуық тұрғыны белсене қатысты. Олар бірігіп, өзен бойында жиналып… 

↑