-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    06.09.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Президент, Спорт
    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    Фото: akorda.kz

    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында олимпиадалық даярлық орталығы құрылысының барысымен танысты.

    Сапар барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Президентке бүгінде атлетикалық манеж, мұз аренасын, көпфункционалды спорт залын, көркем және спорттық гимнастика залын, әкімшілік ғимараты мен қонақ үй салу жұмыстары аяқталғанын баяндады. Министр сонымен қатар жүзу бассейнінің, жекпе-жек залының, спорттық атыс алаңының, трибуналары бар стадион мен садақ ататын орынның құрылысы аяқталып келе жатқанын айтты.
    Президент ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналатын инфрақұрылымды аралап көрді. Халықаралық стандарттарға сай бұл нысан 2300 спортшыға арналған.

    Мемлекет басшысына аталған базаның ерекшелігі туралы айтылды. Мұнда оқу-жаттығу сабақтарын, емдеу-сауықтыру шараларын, халықаралық және республикалық жарыстар өткізуге арналған 9 жабық спорт ғимараты орналасқан. Бұдан бөлек, жеңіл және ауыр атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, шайбалы хоккей, коньки спорты, бокс, күрестің барлық түрлері, жекпе-жек өнері, су спортының түрлері, спорттық оқ ату, садақ ату секілді спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командаларын даярлау жоспарланып отыр.

    Бұдан өзге, Президентке атлетикалық манеж бен спортшыларға арналған қонақ үй көрсетілді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев аталған базаның орталық алаңындағы олимпиада алауының жанында спортшылармен әңгімелесті.
    Президент бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңызды екенін атап өтті.

    – Қазір негізгі күш-жігерді Олимпиада мен Азия ойындарына, сондай-ақ өзге де еуропалық, әлемдік деңгейдегі турнирлерге дайындалу үшін жұмсау керек. Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Қалашықтың спорттық әлеуетін арттыра беруіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы жас спортшыларға жаңа жеңістер тіледі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қарасай ауданындағы Республикалық олимпиадалық даярлық базасында

    1 of 10
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    Ұсынымдар

    Ел тілегі ескеріледі

    Ел тілегі ескеріледі

    2 years ago
    Күрделі жөндеу кешікпеуі тиіс

    Күрделі жөндеу кешікпеуі тиіс

    6 months ago
    Таразы басы қайда тартады?

    Таразы басы қайда тартады?

    6 months ago
    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    8 months ago
    Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

    Заң бұзған жазаланады

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>