-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Төтенше жағдай

    Апат айтып келмейді

    25.01.2024
    in Төтенше жағдай
    Апат айтып келмейді

    Фото: turkistan.kz

    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Табиғи апаттардың ішіндегі ең қауіптісі – жер сілкінісі. Өйткені оның қашан, қай күні, қай уақытта болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Тек қана болжайды. Бүгінгі техника мен технология қарыштап дамыған заманда да адамзат баласы зілзалаға келгенде қауқарсыз.

    Кешегі төтенше оқиға да дәл солай болды. Кенеттен басталды. Қаңтардың 23-іне қараған түні, сағат он екіден асқанда жер сілкінді. Зілзала ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында орын алған. Оның дүмпуі еліміздің бірқатар аймағында білінді. Әсіресе, Алматы қаласы мен Алматы облысында қатты сезілді. Енді ғана тәтті ұйқыға бата бастаған жұрт шошып оянды. Көпқабатты үйде тұратындарда зәре қалмады. Жанұшырып тезірек сыртқа шығуға ұмтылды.
    Біраз уақыттан соң жер қайта тербелді. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, әлеуметтік желіде өтірікті шындай етіп айтатын «білгіштер» шықты. «Зілзала сағат үште тағы қайталанады екен. Қазір ғана төтенше жағдайлар қызметіндегі бір танысым айтты» деген секілді жалған ақпарат желдей есіп, зәрезап болып отырған халықтың үрейін одан сайын ұшырды. Қалалықтар амалсыз түн ортасында жер үйде тұратын туған-туыстарын жағалап кетті. Кейбір адамдар бойын қорқыныш билеп, өзін өзі ұстай алмай оқыс қадамдарға барған. Алматы қаласында көпқабатты үйден секіріп кеткендер де болған. Ал облыста зілзаладан зардап шеккендер тіркелмеді.
    Сәлден соң ресми орындар жер сілкінісіне қатысты нақты мәліметтер таратты. Содан кейін барып халық сабырға келді. Жедел штаб құрылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алына бастады.

    Қонаев қаласында да зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті. Жиында төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке жағдайды баяндап, апаттан құтқару қызметінің жұмысы жан-жақты талқыланды. Өңірдегі барлық құзырлы мекемелер, полиция мен жедел жәрдем қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғаны айтылды.

     

    1 of 1
    - +

    1.

    Тұрғындар үшін әлеуметтік мекемелерден арнайы орындар ашылғанын айта кеткен жөн. Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» ықшамауданында 52, Талғар ауданында осындай 51 орын ашылған. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласындағы мешіттердің де есігі ашық.

    Бұдан кейін Қонаев қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте мамандар жер сілкінісі туралы ресми деректерді алға тартып, төтенше жағдайда адамдардың ең алдымен қандай сақтық шараларын қолға алу керектігіне тоқталды.
    – ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, 23 қаңтар күні сағат 00:09-да жер сілкінісі тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болған. Алматы қаласында жер сілкінісінің қуаты 5 баллды көрсетті. Сағат 00:42-де тағы да қайталанды. Онда жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 251 шақырымда, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында орын алды. Қуаты 2 баллға жуықтады. Осылай 20 рет жер сілкінісі тіркелді. Оның 15-ін адамдар сезген жоқ, – деді Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Данияр Қасымов.
    Данияр Болатбекұлының айтуынша, Алматы облысында зілзаладан зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеген. Десек те, кейбір өңірдегі ғимараттарға залалы тиген. Мәселен, Шонжыдағы аудандық аурухананың қабырғалары жер сілкінісінің салдарынан сетінеген. Осындай жағдай Еңбекшіқазақ, Талғар, Кеген, Жамбыл және Райымбек ауданындағы мектептерде де орын алған.

    Тұрғындарға «Дәрмен» мобильді қосымшасы, әлеуметтік желі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зілзала кезіндегі сақтық шаралары туралы хабарламалар таратылған.
    Баспасөз мәслихатында Алматы облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Ерсін Жағыпаров жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
    – Жер сілкінісін сезген сәттен бастап 15-20 секунд ішінде ғимараттан шығуға тырысыңыз. Егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз. Ешқашан терезенің жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз. Ғимараттардан, құрылыс алаңдарынан, бағаналардан аулақ болыңыз және қоршауларға жақын бармаңыз. Үйге кіруге асықпаңыз, өйткені жер сілкінісі қайталануы мүмкін. Зілзала кезінде көпқабатты үйде лифтіні пайдалануға болмайды. Сіріңке, шам жақпаңыз, сымдарды ұстамаңыз, – деді Ерсін Еділханұлы.

     

    1 of 1
    - +

    1.

    Брифингте сондай-ақ, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабиден Үзенбаев сөз алып, қазіргі таңда облыста 655 нысанның құрылысы жүріп жатқанын айтты. Құрылыс барысы комиссия бақылауында екенін, жер сілкінісіне байланысты ешқандай арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

    Апат айтып келмейді. Десек те «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөз тағы бар. Сондықтан төтенше жағдай орын алғанда барынша сабыр сақтауға тырысып, бір-бірімізге қол ұшын созуға ұмтылайық. Ресми ақпараттарға ғана назар аударайық. Адамдардың амалсыздан барған іс-әрекеттерін әзіл-қалжыңға айналдырмайық. Өйткені, бұл күлетін нәрсе емес. Оқиға басқаша сипат алып кеткенде қайтар едік?! Құдай оның бетін аулақ қылсын!

    Болат Мәжит

    Ұсынымдар

    Алатау қаласында “Ұлы дала тарихы” шарасы өтті

    Алатау қаласында “Ұлы дала тарихы” шарасы өтті

    6 months ago
    Бақыттың кілті еңбекте

    Бақыттың кілті еңбекте

    10 months ago
    Ауыл тұрғындары алаңдаулы

    Ауыл тұрғындары алаңдаулы

    1 year ago
    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    2 years ago
    Табиғи апатқа білім бөлімдері де алаңдайды

    Табиғи апатқа білім бөлімдері де алаңдайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.