-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті

    03.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті
    0
    SHARES
    49
    VIEWS

    «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы «Атамекен» Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында өтті. Бренд-комитеттің мүшелері болып, Кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ботабекова Ләззат, Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары Дүйсекенов Ержан, туризм салалық кеңесінің төрағасы Искаков Сұңқар, Байсаев Адам, «Даму» кәсіпкерлік АҚ директорының орынбасары Слямов Аслан, Ауылшаруашылықты басқару бойынша салалық кеңесінің өкілі Молдатаев Олжас, ҚР МТИ Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Сүлейменов Исламбек, «Жетісу» телерадиокомпаниясы ЖШС директорының бірінші орынбасары Исаева Жазира үздік үштікті анықтау бойынша әділ төрелік етті.
    Еске салайық, тамыз айында Қонаев қаласының орталық алаңында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өткен болатын. Көрмеге 80-ге жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерімен таныстырған. Көрмеде барлық талаптарға сай, ауыл инфрақұрылымын дамытуға, ауылды жерлердегі жұмыссыздықты жоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып жүрген 10 үміткердің өнімі іріктелді.
    Киіз үй жасаумен айналысатын Тауан Нұрбол, балдан сабын, майшам және балдың түр-түрін өндіретін Чукенова Назира, емен, қарағаш секілді ағаштардан астау, торсық, қолөнер бұйымдарын жасайтын Әділбай Нұржұма, өз тігін шеберханасында киізден киім, сөмке, аяқ киім жасап бірнеше сән көрсетіліміне, көрмелерге қатысқан Дәулетова Жеңісгүл, жергілікті ұннан, женттен, жалпы сүт өнімдерінен тәттілер пісірумен айналысатын Молдабергенова Фариза, теріден әртүрлі суреттер салатын Райымбеков Дулат,  табиғи бал өнімдерін ұсынған Коновалов Павел, киізден ойыншықтар, мәсі, көрпе секілді қолөнер бұйымдарын жасайтын Бозымова Сәуле, ағаштан заманауи киіз үй шамдарын, тасқа әртүрлі сурет салумен айналысатын Құрманбай Ұлбосын көрмедегі үздік қатысушылар деп танылды. Ендігі кезекте, облысымыздың атын жаңғыртатын үштікті анықтау.
    Бренд-комитеттің басты талаптарының бірі – өнім міндетті түрде жергілікті болуы қажет және сапалы бірегей өнім өндіруге болатындай, аймақтың ерекшелігін таныта білетіндей болуы. Осыған орай, әрбір кәсіпкер жеке-жеке өнім шығаруының жалпы идеясын баяндады.
    «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары Дүйсекенов Ержан «Кәсіпкерлер палатасы «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушыларына өндірісті кеңейтуге, қажет болған жағдайда экспортқа шығуына, сертификаттау мен маркетингтік қолдау жағынан көмек көрсетеді, әрине, жобаның мақсаты – жергілікті өнімді дамыту болғанымен, кәсіпкерлер палатасы – әрбір кәсіпкерге құқықтық, консультативтік, бизнесті дамыту мен мәселелерді тиімді шешуге кепілдік береді», – деді.

    Ұсынымдар

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    10 months ago
    Қасиетіңнен айналайын, туған жер!

    Қасиетіңнен айналайын, туған жер!

    3 months ago
    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    5 months ago
    Атом энергиясын дамыту қажет

    Атом энергиясын дамыту қажет

    8 months ago
    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.